46-шы Халықаралық Менделеев Олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі
24-04-2012 19:59
46-шы Халықаралық Менделеев Олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі

 

2012 жылы 24 сәуірде Тәуелсіздік сарайында химиядан мектеп оқушылары арасындағы 46-шы Халықаралық Менделеев Олимпиадасыныңашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты халқымыздың тарихы туралы театрландырылған көрініспен басталды. Сахнаға ұлттық киім киген атақты билер, данышпан ханда, ержүрек батырлар мен текті рулардың сұлу қыздары шықты. Үнемі ғылымға ұмтылатын, халықданалығын қорғаштап, сақтап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін қазақ халқының көп ғасырлық тарихының лебі сезілгендей болды. Міне осы білім отының жас жалыны лап етті, оныңұшқындарын төменгі сынып оқушылары химиялық элементтер түрінде бейнеледі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 46-шы Халықаралық Менделеев Олимпиадасының қатысушыларына арнаған құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед оқып шықты. Ұлт көшбасшысы өз сөзінде Қазақстанның соңғы жылдары жастардың бірқатар беделді интеллектуалды жарыстары өтетін орнына айналғанын атап өткен. Республика екінші рет ең дарынды жас химиктерді қабылдап отыр. «Осы жолы ғылыми форумға әлемнің 20-ға жуықелінің өкілдері жиналды. Индустриялық-инновациялық даму жолын таңдаған біздіңеліміз үшін, бұл ерекше маңызға ие, себебі химия саласы кез келген қазіргі экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады», – деп атап көрсетеді Н. Назарбаев.
Құттықтау сөзімен шыққан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қонақтарға Қазақстанда дарынды және талантты балаларға, интеллектуалды ұрпақ қалыптастыруға аса көңіл бөлінетінін атап өтті. «20 ғасырдың екінші жартысы мен үшінші мыңжылдықтың басында жетістікке қол жеткізген барлық елдер мынадай басты ұранға сүйенген: «Білім, ғылым және инновация», - деді Б. Жұмағұлов. «Біздің еліміз, оның басшылығы, білім мен ғылымда халықаралық байланыстарды барынша дамытуға, күллі әлем жастарының достастығы мен бірлігіне, ортақпрогресс пен өркендеуге бағытталған. Бүгінгі Халықаралық Менделеев олимпиадасының Назарбаев Университетінің негізінде өткізіліп отырғаны да – тегін емес. Бұл Елбасымыздың үлкен қолдау көрсетіп отырғанын білдіреді», – деп өтті Б. Жұмағұлов.
Келесі сөз Халықаралық Менделеев олимпиадасының президенті Валерий Лунинге берілді. Ол ұйымдастыру комитетіне зор алғысын білдіріп, интеллектуалды саласында ірі жетістіктерге жетулерін тіледі.
Қазақстан командасының атынан былтырғы жылы алтын жүлдегер атанған Абылай Шахизадаев шығып, барлық жастардың атынан еліміздің сенімі мен үмітін ақтап шығуға уәде берді.
Бұл көктемнің жарқын оқиғасын қазақстандықшоу-бизнес жұлдыздары толықтыра түсті: Қарақат Әбілдина өз мектебініңтәрбиеленушілерімен қосылып ұлттық аспап жетігеннің сүйемелдеуімен ән орындаса, «Rin'Go» тобы өзінің «Толғау» атты хитімен көпшілікті серпілтіп тастады. Сондай-ақ «Серпер» домбырашылар ансамблі, «Drumline» барабаншылар тобы, «Астана» триосы, «Х-фактордың» жеңімпазы Дария Ғабдул өнер көрсетті. Концерттің соңында «Самғау» жастар хоры Халықаралық Менделеев олимпиадасыныңәнұранын орындап берді.