Олимпиаданың бірінші теориялық айналымы аяқталды
25-04-2012 19:48
Олимпиаданың бірінші теориялық айналымы аяқталды

 

Химиядан  46-шы ХалықаралықМенделеев олимпиаданың бірінші теориялық айналымы «Думан» қонақүйінің «Сарыарқа» залында өтті. Бірінші айналымның ресми өткізу уақыты  9:00-14:00.
Мектеп оқушылары әр елдің құрама командаларының балалары бір-бірімен қатар отырмайтындай етіп, алдын ала белгіленген орындарға жайғасты.
Қатысушылар бірнеше тармақшалардан тұратын 8 тапсырманы шешуге кірісті. Команда жетекшілері өз балалары үшін уайымдап, оларды тағатсыздана күтті.  Балалар шыққан кезде оларға бірден жауаптары беріліп, олар өз нәтижелерін салыстырып, дұрыс шешімдеріне қанағаттануға мүмкіндік берілді.
Бұл кедергіден өткен алғашқы қатысушы Қырғызстаннан келген мектеп оқушысы Нурак Жолдомбеков болды.  «Ешбір қобалжып тұрған жоқпын! Мен тапсырмаларды дұрыс шеше алдым деп ойлаймын. Мен үшін еңқиынға соққаны органикалықхимиядан берілген сұрақтар, ал бейорганикалықхимия тапсырмаларын бірден орындап шықтым. Жеңіске жетем деген шамалы үмітім де бар» - деді ол.  
Ал Қазақстандық Муминов Даниал тапсырмалар жақсы ойластырылған және олардыңкейбірі оған қиын болған жоқдеп есептейді. «Менің басты қарсыластарым – Ресей мен Белорусиядан келген балалар деп ойлаймын, себебі бұл елдердің атынан келген балалар түрлі химиялық олимпиадаларда үнемі алда» - деп Даниал өз ойымен бөлісті.  
Өзбекстаннан келген Юлдашев Санжардың ризашылығында шек жоқ: « Меніңше, тапсырмаларды жақсы орындап шыққан сияқтымын және оңнәтижелер күтемін».                   
Балаларды бірінші теориялық айналымның аяқталуымен құттықтаймын және екінші айналымда табыстар тілеймін!