М.В. Ломоносов атындағы ММУ ғалымдарының Қазақстанның химия пәнінің мұғалімдерімен кездесуі
25-04-2012 22:21
М.В. Ломоносов атындағы ММУ ғалымдарының Қазақстанның химия пәнінің мұғалімдерімен кездесуі

 

Бүгін Думан қонақүйі залдарының бірінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ ғалымдарының Қазақстанның химия пәнінің мұғалімдерімен кездесуі өтті.
- Қымбатты қонақтар, құрметті достар! Бүгін, ғалымдар мен ұстаз-практиктердің кездесуінде көптеген мәселелер айтылады деп ойлаймын, себебі бұл ғылым мен практиканың, классикалық оқыту тәжірибесі мен инновациялардың симбиозы.
Қазақстанда, басқа елдердегідей,  жастар сапалы білім алуға және оларды өз Отанының игілігіне қолдануға талпынады. Бізде республикамызда дарынды балалармен гимназиялар мен лицейлер, гимназиялық сыныптары бар жалпы білім беретін мектептер, физика-математикаға мамандандырылғанреспубликалық мектеп-интернаттар, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептер, музыкалық мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер және т.б. жұмыс жүргізеді.
Дарынды балаларды анықтауда жалпы білім беретін пәндер бойынша түрлі деңгейдегі (мектептік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық) олимпиадалардың маңызы зор. "Дарын" орталығы Халықаралық дарынды балалар проблемасы жөніндегі қоғамдастығында белгілі орынға ие. 2000 жылы ол Дүниежүзілік таланттар мен дарындар кеңесінің мүшесі болды. М.В. Ломоносов атындағы ММУ-мен, МССИ-мен, МФТИ-мен, математика, физика, химия, биология, информатика, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша Халықаралық олимпиадалық комитеттерімен ынтымақтастық жөніндегі келісімдер қабылданды.
РҒА академигі, х.ғ.д., В.В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультетінің деканы Лунин Валерий Васильевичке сөз беруге рұқсат етіңіздер.
Белгілі академик химиядан Менделеев олимпиадасы 1956 жылдан бері тұрақты өткізіліп келе жатқанын атап өтті. Тәуелсіздік алғанға дейін бұрынғы Кеңес аумағында ол «Бүкілкеңестік химия олимпиадасы» деген атаумен өткізіліп келді. 1992 жылы олимпиада халықаралық мәртебенге ие болып, 1997 жылдан бастап Ресейде ғана емес, сондай-ақ басқа да мемлекеттерде өткізілген. Жоғары деңгейдегі пәндік олимпиадалар жүйесінде ХМО бірегей орын алады. Мұның мәнісі, химиктер бұрынғы Бүкілкеңестік олимпиаданың дәстүрлерін сақтай алған жалғыз жаратылыстанушылар, КСРО ыдырағаннан кейін де жыл сайын өткізіліп келеді, бірақ екі бағыт бойынша: Бүкілресейлік олимпиада және ХМО.2004 жылдан бастап Менделеев олимпиадаларында, ТМД мен Балтық елдерінен басқа, Болгария, Македония мен Румыния командалары да қатыса бастаған.
Алғашқы 6 жылда ХМО Мәскеу қаласында өткізіліп келді.1997 жылы ХМО Арменияда өткізілді.
Лунин В.В. өз сөзінде химиядан ХМО химиктер одағының арқасында өмір сүріп келе жатқанын атап өтті.  Жыл өткен сайын ХМО географиясы да кеңейіп келеді– биыл олимпиадаға Түркия мен Грузиядан келген мектеп оқушыларының құрама командалары алғаш рет қатысайын деп отыр.
ХМО химия ғылымы саласындағы дарынды балаларды анықтау тәсілдерінің бірі болып табылады.
Белгілі ғалым химия мен биологияны мектеп оқушыларының бәрі де білуі тиіс, себебі бұл пәнаралық (пәнаралық өзара әрекеттесу) ғылымдардың ықпалдасуы орын алып отырған уақыт қажеттілігі деп атап өтті.
В.В.Лунин ЖОО-да жоғары курс студенттері жақсы оқуы үшін «нөлдік» курс енгізу қажет екендігіне сенімді және бұл проблема бүгінде ММУ-де шешілуде.
М.В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультетінің профессоры, х.ғ.д. А.Я. Борщевский «Фуллерендеркөміртектің молекулярлық түрленуі» тақырыбында баяндама жасады. Андрей Яковлевич 1985 жылы көміртекте жаңа молекула – фуллерон табылғаны туралы әңгімелеп берді. Ол ғылымдағы қазіргі жаңалықтар кенеттен ашылатынын атап көрсетті. Ғалымдар белгілі бір құрамды іздеп, оның орнына мүлдем басқа молекула тапқан.
М.В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультетінің доценті, х.ғ.к. Трушков И.В. өзінің «Қазіргі заманғы мектепте хмия пәнін оқытудың инновациялық әдістері» атты баяндама сөзіндехимия пәнін оқыту кезінде мектеп оқушыларын қызықтыру, олардың назарын аударту (оқушылармен бірге әртүрлі тәжірибелер өткізу, бірлескен эксперименттер жүргізу), химия ғылымын адамның тіршілік әрекетімен байланыстыру қажет екендігін атап көрсетті.
Жұртшылықтың ерекше қызығушылығын тудырған ММУ химия факультетінің доценті, пед.ғ.к., Олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің мүшесі О.Н. Рыжованың сөйлеген сөзі болды.
Оксана Николаевна «Терең химиялық білімнің қазіргі жай-күйі» атты тақырыпта баяндама жасады.Ол ММУ химия факультеті туралы (45 оқу кафедрасы, 80 ғылыми зертхана), ММУ және басқа ЖОО-ның химия факультеттерінде қазіргі кезеңде химия пәнін оқыту проблемалары туралы әңгіме қозғады.
О.Н. Рыжова бүгінгі таңда мектеп оқушыларының ЖОО химия факультеттеріне түсу кезінде туындап отырған мынадай жағымсыз факторларды атап көрсетті:
1.  Қазіргі ресей қоғамындағы терең химиялық білім алуға деген қызығушылықтың тұрақты төмендеуі.
2.  ЖОО санының және сәйкесінше ондағы орындардың тоқтамай өсуі.
3.  Елдегі қолайсыз демографиялық ахуал.
4.  Абитуриенттер дайындығының жалпы төмен деңгейі.
Оксана Николаевна, Қазақстанда химияның маңыздылығы Ресейге қарағанда жыл сайын артып келе жатқанынатап өтті.Бұл химия технологиясында, индустриясында үлкен ілгерілеу күтілетіндігін білдіреді.
Оның сөзін ММУ профессоры, ф.-м.ғ.д., химия факультеті деканының орынбасары, Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Кузьменко Николай Егорович жалғастырды.
Николай Егорович химиядан ХМО – бұл мұндағы тапсырмалар өте күрделі болғандықтан жоғарғы деңгейдегі олимпиада екенін айтып өтті.
Ол авторы болып табылатын өзімен бірге алып келген, мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құралына түсінік беріп өтті.
Ғалымдардың баяндамаларын тыңдаған соң, МОДБМ мұғалімдері сұрақтар қойды.
Ким Т.В.- Тараз қаласы, №1гимназиясының химия пәнінің мұғалімі:
- Біздің оқушылар М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де табысты оқуы үшін неге көңіл бөлу қажет.
Турпакпаева И.Н., Астана қаласы, «Астаналық лицейдің» химия пәнінің мұғалімі:
- Сіздің ғылыми-әдістемелік құралыңызды қалай және қайдан сатып алуға болады?
Раисханова Г.С. Астана қаласы №2 мектеп-гимназиясынан:
- Сіздің ЖОО химия мұғалімдерінің қашықтан біліктілігін арттыру курстарын жүргізе ме?
- Химия пәнін оқытуда 8 сынып оқушысына қай тақырыптан бастаған тиімді?
- Органикалық химияны нешінші сыныптан бастау қажет?
- Өмірде табысқа жетуі үшін оқушы қандай дағдылары мен білімдерге ие болуы қажет?
Сұрақтар өте көп болды. Диалог жақсы өтті.  Ол жемісті әрі нәтижелі болды.