Назарбаев Университеті
Назарбаев Университеті

 

Назарбаев Университеті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған жаңа университет болып табылады. Осы бастамашылықты іске асыра отырып, Президент еліміздің индустриялық-инновациялық болашағын дамытуға үлес қосуға қабілетті ұлттықтехникалық және ғылыми элитаның келесі буынын даярлау жолында сапалы серпілістің дамуына қолдау көрсетіп отыр. Назарбаев Университетінің миссиясы – Қазақстан Республикасында білім мен ғылыми-зерттеу қызметінің дамуына және Астананың Еуразия орталығындағы зерттеу және білім беру орталығы ретінде қалыптасуына мүмкіндік беру. Университеттің пайымдауы – зерттеу қызметін, білім мен ұлттық экономиканы дамыту мақсатында жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес түлектерді даярлау болып табылады.
«Астананың жаңа университеті» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші қатысу тәртібімен 2009 жылғы 17 қазанда өткен отырысында 2010-2012 жылдарға арналған университетті дамыту стратегиясы бекітілді. 2010 жылғы 7 маусымда университет өз атауын Назарбаев Университетіне ауыстырды. 2010 жылғы күзде Назарбаев Университеті тұңғыш студенттерін қабылдады. 2011 жылғы 15 маусымда Университет өзінің заңды мәртебесін өзгертіп, "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы" болып аталды. Университет өзіндік білім стандарттары бойынша жұмыс істейді. Университетінің қызметі 2011 жылғы 19 қаңтарда қабылданған "Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Қоры мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі.
 
 
Пайымдау
Ғылым мен білімді және ұлттық экономиканы дамыта алатын, бәсекеге қабілетті кәсіпқойларды даярлау.
Миссия
Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесінің қарқынды дамуы және халықаралық деңгейге шығуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Астананың Еуразияның ғылыми-білім беру орталығы ретінде қалыптасуына ықпал ету.