Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі
Олимпиаданың  салтанатты жабылу рәсімі

Бүгін сағат 11.00-де Тәуелсіздік сарайында химиядан мектеп оқушыларының 46-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасының жабылу салтанаты өтті.

Жабылу салтанатында олимпиада қатысушыларын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Н. Сарыбеков құттықтады.
Халықаралық қазылар алқасының шешімімен алтын медальмен 11 жеңімпаз, күміс медальмен – 22 жүлдегер, қола медальмен – 34 оқушы марапатталды.
«Үздік эксперимент» және «Үздік теория» номинациялары бойынша Әшім Қайрат (Қазақстан) және Петрюков Кирилл (Ресей) абсолютті жеңімпаз атанды.
Қазақстан қоржынына1 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль түсті.