Қазақстан Менделеев олимпиадасына әнұран сыйлады
30-04-2012 23:30
Қазақстан Менделеев олимпиадасына әнұран сыйлады

 

«Қазақстан бізге Менделеев олимпиадасының әнұранын сыйға тартты. Енді бұл әнұран олимпиада өткізілетін барлық меклекеттерде орындалатын болады. Келесі жылы Өзбекстанда, одан кейін – Украинада және т.с.с. жалғаса бермек, - деді В.Лунин.
«Енді біз өз туымызды жасап, өзіміздің салиқалы олимпиадамыз болады, 46 жыл – бұл айтулы кезең», - деп атап өтті ол.
Еске сала кетейік, химиядан мектеп оқушыларының 46-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы Астанада 2012 жылдың 23-30 сәуірі аралығында болып өтті.
Қазақстан командасының атынан 15 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындылары бойынша қазақстандықтар 1 алтын, 4 күміс және 7 қола медальға ие болды. Экспериментальды айналымның қорытындысы бойынша Тараз қаласынан келген мектеп оқушысы Әшім Қайрат абсолютті жеңімпаз атанды.
ХМО жыл сайын сәуірдің аяғы мен мамырдың басында ТМД бірқатар елдері, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің мектеп оқушылары арасындаөткізіліп тұрады. Химия пәні бойынша жарыс Бүкілодақтық химия олимпиадасының орнын басушы болып табылады. Оған 10-11 сынып оқушыларының ішінен химия пәні бойынша ұлттық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысады.