Химиядан мектеп оқушыларының 46-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындылары туралы ақпарат
03-05-2012 01:30
Химиядан мектеп оқушыларының 46-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындылары туралы ақпарат

 

Ү.ж. 23-30 сәуірі аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен химиядан 46-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы (бұдан әрі – Олимпиада)  өткізілді.  
Олимпиаданың ашылу салтанаты ү.ж. 24 сәуірінде Тәуелсіздік сарайында өтті. Құрметті қонақтар ретінде ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары, ТМД қатысушы-елдері елшіліктерінің өкілдері, Олимпиаданы ұйымдастыруға және өткізуге жұмылдырылған республика министрліктері, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің химия пәнінің мұғалімдері, Астана қаласындағы мектептердің және «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушылары – «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер бірыңғай ұйымының мүшелері қатысты.
Салтанатты іс-шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы М.А.Құл-Мұхаммед Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Олимпиада қатысушыларына арнаған үндеуін оқып берді, ҚР Білім және ғылым Министрі Б.Т. Жұмағұлов пен Халықаралық Менделеев олимпиадасының Президенті В.В. Лунин  құттықтау сөз сөйледі.
Олимпиадаға 18 елден келген жоғарғы сынып оқушыларының командаларықатысты: Әзірбайжан, Белорусь, Болгария, Қырғызстан, Литва, Македония, Молдова, Эстония, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Венгрия, Грузия, Түркия,  Францияжәне Қазақстан.  
Ережеге сай Олимпиада үш айналымда – 2теориялық айналым«Думан» қонақүйінің арнайы жабдықталған мәжіліс залында, эксперименталды айналым – «Назарбаев Университет» ЖША базасында өткізілді.
Олимпиадаға қатысушылардың білімдерін М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, Донецк ұлттық университетінің, Белорусь мемлекеттік университетінің, Башқұрт Медицина академиясының, Коперник атындағы университеттің, «Назарбаев Университет» ЖША және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің көрнекті ғалымдарынан құралған қазылар алқасы бағалады. Үйлестірушілер ретінде «Назарбаев Университет» ЖША студенттері, өткен жылдардың халықаралық химия олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері тартылды.
Олимпиада қорытындылары бойынша медальдар саны жағынан Қазақстан Ресей мен Белорусь Республикасынан кейін алғашқы үштікке енді.
Әшім Қайрат, Тараз қаласындағы қазақ-түрік лицейінің тәрбиеленушісі алтын медальмен марапатталды. Сонымен қатар халықаралық қазылар алқасының шешімімен Әшім Қайрат «Үздік эксперимент» номинациясы бойынша абсолют жеңімпазы болды.
Күміс медальмен марапатталғандар:
Аманжолов Әзім – Астана қаласындағы қазақ-түрік лицейі;
Должников Владимир – Петропавловск қаласындағы «ЛОРД» облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебі;
Қамысбаев Владислав -  Алматы қаласындағы №134 лицей;
Мыңтай Ернар – Тараз қаласындағы қазақ-түрік лицейі.
Қола медальмен марапатталғандар:
Тәуекелов Медет – Қарағанды қаласындағы ҚТЛ;
Сұлтанов Мұрат – О. Жәутіков атындағы РАФМОМИ;  
Загрибельный Богдан – Тараз қаласындағы №1 гимназия;
Адишев Алдиар –Қарағанды қаласындағы ҚТЛ;
Рысқұлбеков Азамат – Тараз қаласындағы ҚТЛ;
Тинасилов Рахим - О. Жәутіков атындағы РАФМОМИ;  
Тұрсынхан Дархан – Талдықорған қаласындағы ҒЗМ.
Олимпиаданың кеңейтілген бағдарламасына сәйкес Олимпиада қатысушылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайын, «Бәйтерек» монументін, Бейбітшілік пен Келісім сарайын, «Қазақ елі» монументін, Тәуелсіздік сарайын, Астана қаласының мұражайын, «Ультрапамять» Париж бейнелеу өнері мұражайын, Қазіргі заманғы өнер галереясын, Қолданбалы өнер галереясын аралады, «Бәйтерек туралы аңыз» фильмін 4Dформатында тамашалау ұйымдастырылды, сондай-ақ «Бурабай» курортты аймағының тарихи және табиғи ескерткіштерімен танысып шықты.
Сонымен бірге олимпиада қатысушыларына жаңадан ашылған астаналық Оқушылар сарайында «Астана достарын қарсы алады» атты мәдени-ойын сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Қазақстандық авторлар Олимпиада қатысушыларына сыйлық ретінде Халықаралық Менделеев олимпиадасының әнұранын жазды. 
Халықаралық ұйымдастыру комитетінің шешімімен 47-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасын өткізу эстафетасы Өзбекстанның құрама командасына берілді.