Олимпиада туралы
Химиядан мектеп оқушыларының халықаралық Менделеев олимпиадасы (бұдан әрі ХМО) – бірқатар ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері мектеп оқушыларының арасында жыл сайын сәуірдің аяғы – мамырдың басында химия пәнінен өткізілетін жарыс. ХМО Бүкілодақтық химия олимпиадасының ізін басушы болып табылады және оның дәстүрлері мен нөмірленуін жалғастырып келеді. Олимпиада ұлы орыс химигі Д.И.Менделеевтің құрметіне осы атауға ие болды.
 
Мектеп оқушыларының Менделеев олимпиадалары қатысушы елдердегі бірыңғай білім беру кеңістігін қолдау және дамытудың пәрменді құралына айналды. Соның ішінде, жеңімпаздар мен жүлдегерлер үшін – бұл жетекші ресейлік жоғары оқу орындарына, атап айтқанда, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне (бұдан әрі ММУ) жеңілдікпен түсу және онда білім гранттары бойынша білім алу мүмкіндігі.
 
Қазақстанның құрама командасы ХМО-на 1998 жылдан бері қатысып келеді.
Менделеев олимпиадасын өткізу географиясы және соңғы онжылдық ішінде оның қатысушылар санының өсу динамикасы кестеде берілген.
Жыл
Өткізілген орны
Қатысушы елдер саны
Қатысушылар саны
ҚР-нан жеңімпаздар саны
қатыс.
алтын
күміс
қола
грамота
1997
Ереван (Армения)
8
48
 
 
 
 
 
1998
Ыстықкөл(Қырғызстан)
12
68
 
 
 
 
 
1999
Минск (Беларусь)
11
65
 
 
 
3
 
2000
Баку (Әзірбайжан)
10
54
 
 
 
 
 
2001
Мәскеу(Ресей)
13
80
 
 
 
 
 
2002
Алматы (Қазақстан)
14
85
16
 
4
7
 
2003
Пущино (Ресей)      
12
76
7
 
1
5
1
2004
Кишинэу (Молдова)
14
77
6
 
3
3
 
2005
Душанбе (Тәжікстан)
15
87
8
 
2
4
 
2006
Ереван (Армения)
15
82
8
 
2
3
 
2007
Минск (Беларусь)
16
91
10
 
3
3
4
2008
Ташкент (Өзбекстан)
15
85
6
 
4
1
1
2009
Ашхабад (Түркмения)
13
87
8
 
2
5
 
2010
Баку (Әзірбайжан)
14
87
9
3
(1 абсолют)
3
2
1
2011
Мәскеу(Ресей)
15
96
12
1
5 (1 үзд.сарапшы.
3
 
 
Барлығы:
 
 
 
4
29
39
7
 
Жоғары деңгейдегі пәндік олимпиадалар жүйесінде ХМО бірегей орынды алып отыр. Оның мәнісі мынада, химиктер КСРО ыдырағаннан кейін  бұрынғы Бүкілодақтық олдимпиаданың дәстүрлерін сақтап қалған, жыл сайын өткізіліп келе жатқан, бірақ екі бағыт бойынша: Бүкілресейлік олимпиада және ХМО өткізілетін жаратылыстану ғылымдарының ішінде жалғыз пән. 2004 жылдан бастап Менделлев олимпиадаларына, ТМД және Балтық елдерінен басқа Болгария, Македония және Румынияның командалары қатыса бастады.
 
Олимпиадаға  ұлттық химиялық олимпиадалардың жеңімпаздары арасынан мектеп бітіруші және мектеп бітіру алдындағы сыныптардың оқушылары қатысады. Әрбір қатысушы елден келген команда қатысушыларының саны квотамен белгіленеді. Бұл ретте олимпиада өткізетін ел ең көп қатысушысы бар командасын шығаруға құқылы. ХМО ресми есебі – жекеше.
 
ХМО негізгі жұмыс тілі орыс тілі.
Соңғы жылдары, команда басшылары мен қатысушылардың тілегі бойынша оларға сондай-ақ тапсырмалар мен шешімдердің ағылшын тіліне ресми аудармасы ұсынылып жүр. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда, команда басшыларының тапсырмаларды ұлттық тілдеріне аудару мүмкіндігі бар.
Дүниежүзілік химия олимпиадасына (IChO)қарағанда, ХМО-да ұсынылуы мүмкін химия тарауларының шеңбері жаттығу тапсырмаларының жиынтығын алдын ала жариялаумен шектелмейді. Тапсырмалар жиынтығын салыстырмалы түрде тұрақты құрамы бар әдістемелік комиссия дайындайтындығы тағы бір маңызды ерекшелігі болып табылады, бұл тапсырмалардың күрделілігін жеткілікті түрде тұрақты жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
 
Олимпиада құрылымы
Олимпиада үш айналымнан тұрады: екі теориялық және бір эксперименталды.
Бірінші теориялық айналымда командалар мамандандырылған химия сыныптардың бағдарламасына сәйкес келетін 8 міндетті тапсырманы орындайды.
 
Екінші теориялық айналымда (таңдау бойынша айналым) тараулар бойынша тапсырмалар беріледі: бейорганикалық химия, органикалық химия, талдамалық химия, физикалық химия, жанды туралы ғылым және полимерлер. Тараулардың әрқайсысынан үш есеп беріледі, олардың ішінен  бір ғана есепке ең жоғары баға қойылады, бұл қатысушы дайындығының жан-жақтылығын бағалауға мүмкіндік береді. Екінші айналымның есептері бірінші айналымның есептеріне қарағанда аса күрделі болып келеді.
 
Олимпиаданың эксперименталды айналымы мектеп оқушыларында химиялық зертханаларда жұмыс істеу дағдыларының боулын білдіреді: заттарға химиялық талдау жасай білу және ұсынылған әдістеме бойынша синтез жүргізу. Әдетте, эксперименталды айналымекі негізгі бөлімнен –талдамалық және синтетикалық, сондай-ақ эксперимент тақырыбына байланысты бірнеше теориялықсұрақтардан тұрады.
 
Әрбір теориялық айналымның басында қатысушы тапсырмалар мен жауап беру бланктерін алады. Бес сағаттық айналымның соңында қатысушылар өз жұмыстарын тапсырып, есеп жауаптарын алады. Осылайша, олар өз шешімдерінің дұрыстығын бірден бағалай алады. Қатысушылар толтырған жауап бланктері тексеру алдында шифрланады.
 
Эксперименталды айналымда қатысушы тәжірибе жүргізу қажеттігі көрсетілген және тапсырмаларды орындау барысында нәтижелерін кезегімен жазуға арналған жолдары бар парақтар алады, бұл тәжірибенің кейінгі сатыларында қатысушылар жіберуі мүмкін қателердің әсерін шектеуге мүмкіндік береді.
 
Қатысушылар теориялық айналымдар бойынша өздерінің тексерілген жұмыстарын көру мүмкіндігіне ие болатын және қандай да бір есепті тексерген қазылар алқасына сұрақтар қоя алатын жұмыстарды көрсету кезі олимпиаданың маңызды кезеңі болып табылады.
 
Үш айналым нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады, олар алтын, күміс, қол медальдармен немесе дипломдармен марапатталады. Сонымен қатар теориялық тапсырмаларды үздік шешкен және үздік тәжірибе жүргізген қатысушыларға наградалар тағайындалады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
 
ХМО Қазылар алқасы, Әдістемелік комиссияжәне Ұйымдастыру комитеті
ХМО Қазылар алқасы мен Ұйымдастыру комитетінәр жылдары РҒА академиктері А.Л. Бучаченко, Ю.А. Золотов, П.Д. Саркисов, профессор Ю.А. Устынюк сияқты белгілі ғалымдар басқарып келді.
 
1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін олимпиаданың Ұйымдастыру комитетін РҒА академигі, профессор, химия ғылымдарының докторы,  М.В. Ломоносов атындағы ММУ химия факультетінің деканы В.В. Лунин басқарып келеді.
 
2002 жылдан бастап осы уақытқа дейін ХМО Әдістемелік комиссиясы мен Халықаралық қазылар алқасының Төрағасы – ММУ профессоры В.Г. Ненайденко.
 
ХМО Ұйымдастыру комитеті мен Әдістемелік комиссияның құрамына М.В.Ломоносов атындағы ММУ ғалымдары, сондай-ақ қатысушы елдердің жетекші ЖОО-ның ғалымдары мен жалпы білім беретін мектептердің химия пәнінің мұғалімдерікіреді. ХМО Әдістемелік комиссиясының құрамындастуденттер мен аспиранттар – Менделеев олимпиадасының кешегі жеңімпаздары мен жүлдегерлері жұмыс істейді; бұл дәстүрлерді сақтап қалуға көмектеседі және алдағы жылдарғажетуін қамтамасыз етеді.
 
ХМО демеушілік қаражаттар есебінен өткізіледі. Соңғы онжылдықта шығындардың көп бөлігін ХМО өткізетін елдердің үкіметтері мойнына алып жүр.