КӨЛІК
Қазақстан Республикасының көлік-коммуникациялық кешенінде теміржол, әуе, теңіз, өзен жолдары, құбыр тасымалы, автомобиль жолдары мен телекоммуникация жүйесі желілері бар.
 
Теңіз жолы Каспий теңізі арқылы жүзеге асырылады. Негізгі теңіз айлақтары Ақтау және Баутино, олар арқылы Иран мен Әзірбайжанға тікелей шығуға болады.
 
Республиканың әуе қатынасын «Эйр Астана» және басқа да ("Жетісу Эйр», «Саяхат», «Скат» және т.б.) авиокомпаниялар жүзеге асырады.
Туркиямен, Қытаймен, Үндістанмен, Германиямен, Австриямен және басқа да елдермен тұрақты әуе қатынастары жолға қойылған.